ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданындағы маңызды жол жөндеуден өтеді

0
208

Жобаға сәйкес, жол бойындағы елді мекендер ішіне жарықтандыру шамдары, аялдамалар орнатылып, аяқжолдар салынбақ.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданындағы маңызды жол жөндеуден өтеді

Мақтаарал ауданындағы маңызды жол жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Мақтаарал ауданындағы облыстық маңызы бар жол жөндеуден өтпек. Нақтырақ айтқанда, жобалаушы мекеме «Жетісу жол» ЖШС тарапынан КХ-76 «Атакент – Береке – М-39» автомобиль жолының 0-17,4 шақырымын күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.


Нысанның жөндеу жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес, жол бойындағы елді мекендер ішіне жарықтандыру шамдары, аялдамалар орнатылып, аяқжолдар салынбақ.


Айта кетейік, биыл аудандық маңызы бар жолдар бойынша 19 нысан немесе 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Бөлісу