ТҮРКІСТАН: «Жасыл белдеуде» ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр

0
240

252 га жер толықтай тамшылатып суғару жүйесіне қосылған.


ТҮРКІСТАН: «Жасыл белдеуде» ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістандағы «Жасыл белдеуде» ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» қалыптастыру ісі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы бастау алған. Облыс әкімінің тұрақты бақылауының нәтижесінде бүгінге дейін 28 335 гектар жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылып, 17 019 га жерге ағаш көшеттері отырғызылды.


«Жасыл белдеуде» күзгі ағаш отырғызу барысын бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аралап тексерді.


Қазіргі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылуда. Мұнда 252 га жер толықтай тамшылатып суғару жүйесіне қосылған.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің мәлімдеуінше, топырақ құнарын арттыру үшін минералды және органикалық тыңайтқыштар қолданылып, ағаштардың өсіуіне және жерсінуін арттыруға жағдай жасалған.


Жұмыстың баяу атқарылып жатқанын сынға алған Нұрбол Тұрашбеков:


«Көшеттердің тек саны мен сапасына ғана емес, оның егілуіне де мән беру керек. Тереңдігі, тамырының орналасуы, барлығы бақылауда болуы тиіс. Қадап кеткен ағаш қармана береді деген ойдан арылыңыздар. Ауа райының ерекшелігін есепке алып, ағаштардың жерсіну көрсеткішін көтеруге күш салу қажет», дей келе жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу