Арнайы операция кезінде тұтқындалған қырғыз депутатында Қазақстан азаматтығы болған

0
1 395

​Қырғызстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбек уулында Қазақстан азаматтығы бары расталғанын хабарлады,-деп жазады azattyq.org.


Арнайы операция кезінде тұтқындалған қырғыз депутатында Қазақстан азаматтығы болған

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбек уулында Қазақстан азаматтығы бары расталғанын хабарлады,-деп жазады azattyq.org.

СІМ ақпарат департаментінің басшысы Мурат Азымбакиевтің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, Қазақстан СІМ Дамирбек Асылбек уулында Қазақстан азаматтығы бары туралы нота жолдаған.

Мурат Азымбакиев «Қазақстан жағы бізге Дамирбек Асылбек уулында Қазақстан азаматтығы бары туралы ресми ақпарат жолдады» деді.

Қырғызстан заңы бойынша, қос азаматтық алған адам депутат болып сайлана алмайды. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов кандидат ретінде тіркеуге құжат қабылдағанда Қырғызстан азаматы болуы талап етілетінін айтты. «Мемлекеттік органдарымыз үміткерде Қырғызстан азаматтығынан басқа өзге елдің де азаматтығы барын білмеуі де мүмкін» деді ол. Бекматовтың сөзінше, басқа елдің азаматтығын иеленгені анықталған депутат мандатынан айырылады.

Бұдан өзге, Қырғызстан заңы бойынша, өзге елдің азаматтығын алғанын жасырған мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапқа тартылады.

Өткен аптаның соңында Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар «контрабанданың жолын кесу» операциясын жүргізгенін хабарлаған. Операция барысында 35 адам, оның ішінде депутат Дамирбек Алмасбек уулу бар, Қырғызстанның үш азаматы ұсталған.

«Контрабандалық тауар кедендік рәсімдеудің көлеңкелі жолдары және жалған құжатпен Қазақстанға Қытайдан тікелей және Қыгрғызстан арқылы кіргізіліп отырған» деп мәлімдеген Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.