Қырғызстан парламенті ұсталған депутатқа қатысты мәлімдеме жасады

0
1 700

Қырғызстан парламентіндегі «Қырғызстан» фракциясы Қазақстанда Қырғызстан азаматтарының, оның ішінде депутат Дамирбек Асылбек уулының ұсталғанына байланысты шұғыл жиын өткізді. Бұл жайында Азаттықтың Қырғыз редакциясы Қырғызстан парламентіндегі фракцияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Фракция таратқан мәлімдемеде депутаттың ұсталғаны туралы ақпарат «Қырғызстан» фракциясы үшін «күтпеген жағдай» болғаны айтылады.

«Бізге жеткен мәліметтер бойынша, депутаттың тағылған айыптарға қатысы жоқ. Фракция Қырғызстан сыртқы істер министрлігімен және құқық қорғау органдарымен ұдайы байланысып отырады. Қазақстандағы тиісті құзыретті органдар Қырғызстан азаматтарының құқықтары мен заңды сақтап әділ тергеу жүргізеді деп үміттенеміз» делінген мәлімдемеде.

Фракцияда Асылбек уулын «белсенді депутат қана емес, спорттың дамуына үлкен үлес қосқанын» да айтады.

Ақпанның 15-16 күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз іс-әрекеттерге және қылмыстық топқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 29 адам ұсталған. Кейін олардың арасында Қырғызстанның төрт азаматы, оның ішінде парламент депутаты Дамирбек Асылбек уулы да болғаны анықталған.

Қырғызстан парламентінің баспасөз хатшысы Ибраим Нуракун уулы парламент те, спикер де істі тергеуге араласпайтынын хабарлаған.