ОҚО-да 5 аудан әкімінің аузын айға қаратып кеткен алаяққа қатысты сот басталды

0
2 067

Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдерінен миллион теңгеден ақша алып кеткен азаматқа қатысты сот басталды. Өскемен қаласының тұрғыны бұған дейін де алаяқтық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Сот барысында анықталғаны, 25 жастағы бұрынғы футболшы алаяқтық әрекет жасамас бұрын ақпараттық сайттардан аудан әкімдерінің аты-жөндерін, сол аудандардың ең өзекті деген әлеуметтік мәселелерін зерттеп алған.


ОҚО-да  5 аудан әкімінің аузын айға қаратып кеткен алаяққа қатысты сот басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдерінен миллион теңгеден ақша алып кеткен азаматқа қатысты сот басталды. Күдікті Өскемен қаласының тұрғыны бұған дейін де алаяқтық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған екен. 25 жастағы бұрынғы футболшы алаяқтық әрекет жасамас бұрын ақпараттық сайттардан аудан әкімдерінің аты-жөндерін, сол аудандардың ең өзекті деген әлеуметтік мәселелерін зерттеп алған. Сөйтіп, ашық түрде алты әкімге хабарласып, өзін «Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қызметкерімін» деп таныстырыпты. Сол аудандарға барып, әкімдерден қайырымдылық шарасына деп миллион теңгеден жинап алған. Осы әрекетімен ол 5 ауданның әкімін опық жегізіпті. Сезіктінің алаяқ екендігі алтыншы ауданға барғанда әшкере болған. Ол жердің басшысы облыс әкімдігіне хабарласып, мән-жайды анықтап алыпты. Содан кейін күдікті ұсталып, қамауға алынған.