Бас прокуратура өткізген арнайы операция кезінде ОҚО-да ұсталғандардың нақты саны айтылды

0
1 329

Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операция кезінде қолға түскен 16 азаматқа қатысты іс бойынша сот санкция шығарды. Бұл азаматтардың 13-і «Сарыағаш», «Қапланбек», «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қызметкерлері.

«13 азаматқа пара алды деген айып беріліп отыр. Ал қалған үшеуіне пара алуға делдалдық еткен деген кінә тағылуда. Оларды екі айға қамауға алу туралы сот санкция берді. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ»,-деді Шымкент қаласы, әл-Фараби аудандық сотының сот-координаторы Ғани Байарыстан.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың ақпан айының 15-16 аралығында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында арнайы операция өткен болатын. Оперативті топ операция кезінде отыз бес адамды ұстады. Ресми ақпараттарға сүйенсек, ұсталғандардың қатарында кеден мен құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері бар. Сонымен қатар қолға түскен азаматтардың қатарында Қырғызстан азаматы, Қырғызстан Республикасының Парламент депутаты Асылбек уулу Дамирбек те (Жогорку Кенеш) кездеседі. Бұл жағдайдан соң көрші елдің Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға нота жіберді.
Бұл операция бойынша Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады.

«35 күдікті ұсталды. Олардың арасында Қырғызстанның үш азаматы бар. Ұсталғандардың 33-і сот рұқсатымен тұтқындалды. Арнайы операция ұзақ уақыт даярланды. Қазақстан-Қытай шекарасында Қалжат, Қорғас, Алтынкөл, ал қазақ-қырғыз шекарасында Қордай, Қарас, өзбек-қазақ шекарасында Сарыағаш, Қаызғұрт, Қапланбек, Атамекен кеден бекеттері арқылы халықтың тұтынуындағы тауарлардың контрабандалық жолмен тұрақты өткізіліп келгені анықталды»,деді Қазақстан Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.