Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 21 мыңнан асты

0
768

Түркия вице-президенті Фуат Октай президент Режеп Тайып Ердоған "ғасыр апаты" деп атаған табиғи апаттан қаза тапқандар саны 17 674-ке, жараланғандар саны 72 879-ға жеткенін айтты.


Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 21 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің төртінші күні қаза тапқандар саны 21 мыңнан асты, деп жазады tengrinews.kz.

Түркия вице-президенті Фуат Октай президент Режеп Тайып Ердоған "ғасыр апаты" деп атаған табиғи апаттан қаза тапқандар саны 17 674-ке, жараланғандар саны 72 879-ға жеткенін айтты.

Көршілес Сирияда кем дегенде 3 377 адам қаза тауып, қаза тапқандардың жалпы саны 21 051-ге жетті.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ал Италияда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупі ескертілді.