Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

0
1 018

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.


Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді, ERNUR.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланған.

"Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі", - делінген хабарламада.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берген болатын.