"Ештеңе жарылмайды деп сендірді": ТЖ министрі құтқарушының сұхбатына пікір білдірді

0
1 217

Юрий Ильиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде әскерилер қоймада тротил шашкалары сақталғанын растаған.


ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сұхбатына пікір білдірді. Бұған дейін ол өрт сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынын айтқанын мәлімдеген болатын, деп жазады Tengrinews.kz.

Юрий Ильиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде әскерилер қоймада тротил шашкалары сақталғанын растаған.

"Қазір өрт, адам өлімі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. (...)
Тротил шашкалары сақталған қоймада өрт болғаны расталды. Барлық нұсқау бойынша, соның ішінде қорғаныс министрлігінің де, олар детонаторсыз сақталған және жарылыс қаупі болмаған. Детонаторларға не болғанын тергеу органдары анықтайды.
Ал қол астындағы адамдар қашып кетті дегенге айтарым, зардап шеккендер арасында Қорғаныс министрлігінің де, Төтенше жағдайлар министрлігінің де қызметкерлері бар, әркім өз міндетін өз орнында орындады", - деді Юрий Ильин.



Cондай-ақ, Юрий Ильин жарылыс кезінде оқ-дәрілер қоймасында 18 дана өрт-құтқару техникасы мен жабдығы жойылғанын атап өтті. Шығын есептеліп жатыр.

Бұған дейін 26 тамызда оқиға орнында жұмыс істеген өрт сөндіру бригадасының Алмаз есімді қызметкері бастапқыда өртсөндірушілерге жарылыс болмайды деп сендіргенін айтқан болатын.

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

29 тамызда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.