Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз тұрғындарын сабырға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер,дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай,зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ,жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек. Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер,дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай,зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ,жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек ", - деп жазды Тоқаев.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.
Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды. Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын.