Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті, деп жазады Tengrinews.kz.
"Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталып жатыр", - деді министрлік өкілдері.
Ведомство мәліметінше, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.