Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 2 адамның жағдайы ауыр

0
2 206

Жарылыстан зардап шеккендер саны өсіп жатыр.


Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 2 адамның жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері өңірде болған жарылысқа жұмылдырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

- 109 телефон нөмірі;

- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар, 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды.

26 тамыз сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам жеткізілді.

Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і азамат ауыр жарақат алғандар.

«Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.