Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болған әскери прокурор құрметіне ескерткіш тақта ашылды

0
1 012

Ведомство мәліметінше, рәсімді Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Сартаев пен Арман Қуанышұлының анасы Ділда Қапезова ашқан.


Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болған әскери прокурор құрметіне ескерткіш тақта ашылды
ERNUR.KZ. Тараз қаласындағы Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасы ғимаратының қасбетінде ескерткіш тақта ашылды. Ол қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовтің құрметіне арналған, - деп жазады Tengrinews.kz

Ведомство мәліметінше, рәсімді Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Сартаев пен Арман Қуанышұлының анасы Ділда Қапезова ашқан.

"Арман Қуанышұлы адамдарды топтастыра білетін және әріптестер арасында құрмет пен беделге ие еді. Ол мәдениеті, ерекше ақылы және адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленетін. Арманның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - деді Дастан Сартаев.

Сонымен қатар, іс-шараға Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің бастығы Мұрат Тілеубердиев, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыс Әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, әскери және аумақтық прокурорлар, сондай-ақ Арман Қапезовтің туыстары мен жақындары қатысқан.


Олар мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 26 тамызда сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Жарылыстар салдарынан әскери прокурор қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның артында төрт баласы қалды.