Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан төрт әскеридің есімі аталды

0
885

Сонымен қатар, апат кезінде жоғалып кеткендер бар.


Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан төрт әскеридің есімі аталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери қызметкер туралы толық ақпарат мәлім болды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қаза тапқандар туралы толығырақ: Сержант Марат Мешінбай,1981 жылы туған, ефрейтор Руслан Жанболатов, 1981 жылы туған. Әскерилендірілген күзет қызметкері Оразбек Далибаев, 1969 жылы туған, қойманы күзету бойынша қарауыл бастығының көмекшісі, оқ-дәрілер жарылысынан қаза тапты. Төртінші марқұм - Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры Капезов", - делінген хабараламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Марат Мешінбай және Руслан Жанболатов өртті сөндіріп жатқанда жарылысқа жақын жерде болған және өте ауыр жарақаттар алған.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапқаны айтылған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.